ҰЛТ САУЛЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ БАЙЛЫҒЫ

 Елбасының «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы еліміздің алдағы басымдықтарын айқындап берді.

Бұрынғы Жолдауларында ол елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш салған болса, бұл жолғы құжат Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арт¬тыруды көздеп отыр. Жолдаудағы білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мем-лекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз.

Сонымен қатар Президент келесі жылдың  қаңтар айынан бастап қазақстандықтардың жалақысы өсетінін айтты.

«Біріншіден, үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап Қазақстандағы ең төменгі жалақы 1,5 есе – 28-ден 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандыққа нақты көмек болады. Бұл әртүрлі салада істейтін 1 миллион 300 мың адамның жалақысын көтереді. Сондай-ақ, бюджеттік ұйымдарда істейтін 275 мың қызметкердің айлығы көбейеді. Олардың жалақысы орташа есеппен 35 пайызға өседі», –  деді Елбасы. Ал бұл ша­ра­лар халықтың тұрмысын әлдеқайда көтеретіні сөзсіз.

Сондай-ақ, Жолдауда  5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажеттігі айтылды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді, барлық емханалар мен ауруханаларға медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуді тапсырғаны елімізде денсаулық сақтау саласын қолдау жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқандығын көрсетті. Тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасау, кезектерді, бюрократияны жойып, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы болса, ал халқымыздың бақуатты өмір сүруі, еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.

Бауыржан ТӨЛЕГЕНҰЛЫ,

Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігері.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қазан 2018 г. 691 0