Биыл ата мекен – туған топырақты сыртқы жаулардан қорғап, халқының болашағы үшін басын бәйгеге тігіп, кеудесін оққа төсеген халық батыры, әулие бабамыз Жанқожа батырдың өмірге келгеніне 240 жыл толады.
Осыған байланысты үстіміздегі жылы облыста аталмыш мерейтойды жоғары деңгейде атап өтуге мән беріліп отыр. Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде 1992 жылы бой көтерген Жанқожа батыр кесенесі бар. Қазіргі таңда сол кесененің айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта Әйтеке би кенті әкімінің аппараты мен «Досбол» құрылыс компаниясы ЖШС арасында келісім-шартқа қол қойылған.