ШЕБЕРЛІК ЖАТТЫҒУДА ШЫҢДАЛАДЫ

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК бас директорының міндетін атқарушы, генерал-майор Диханбек Сатылғанов Сыр өңіріне іссапармен келді. Сапар барысында облыстық филиалдың жұмысымен жете танысып, кешенді тактикалық оқу-жаттығуға қатысты.

– Құтқарушылардың даярлығын анықтау және жыл көлемінде ат­қарыл­ған жұмыстарды бағалау мақсатында осындай оқу-жаттығулар өткізіліп тұрады. Шара тәжірибені шың­дары анық. Оқу-жаттығу барысында берілетін теориялық, тә­жіри­­белік тапсырмалар сіздердің да­йын­дықтарыңызды сараптайтын бо­лады. Оған қоса Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарынан келген әріптестеріңізбен байланыс орнатып, біліктіліктеріңізді одан әрі арттыра аласыздар, – деді Диханбек Сатылғанов.

Кәсібилік пен тегеурінді техника сыналған шарада қатысушылар авария­лық-құтқару операциясын көз­­бен көрді. Біз де материалдық-техни­калық жабдықтармен қамта­ма­сыз етілген құрылымның кез келген қауіптің бетін қайтаруға әзір екендігін байқадық. Жедел қызметкерлердің техногендік сипат­тағы апаттардың алдын алуда қол­данатын озық әдістері, арнайы меха­ни­калық қондырғымен қысым астындағы құбырларды бұрғылап тесіп, гидравликалық жабдықтармен жұмыс істеуі таңғалтты. «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» облыстық филиал директоры Нұрбек Момыновтың айтуынша, мұндай қызмет түрі өзге аймақтарда да бар. Олардағы 2800-ден астам жоғары білікті кәсіби құтқарушы, 600 авария-құтқару техникасы тәулік бойы әзірлікте болады. Өткен жылы аталған кәсіпорынға 250-ден астам дабыл келіп түскен, 185 адам құтқарылып, апатты жою орындарында 319 адамға медициналық көмек көрсетіліпті.

Мөлдір Қалымбет.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қазан 2018 г. 374 0