« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты қазақтың ұлттық ойындары да мал шаруашылығына қатысты болған. Соның бірі – бастауын көне замандардан алатын асық ойыны. Оның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Баланы жастайынан шыңдап, дәлдікке, ұстамдылыққа тәрбиелейтін асық ойынын қайта жандандыру мақсатында қала орталығында облыс асық ату турнирі өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Чернобыль» ардагерлері қоғамы, «Асық ату» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы және «Қолөнер» ұлттық нақыш орталығы бірлесе ұйымдастыруымен өткізілген турнир Астананың 20, Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналып отыр. Шарада «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы С.Қосанов, облыстық «Чернобыль» ардагерлері ұйымының төрағасы С.Сәндібеков және «Асық ату» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы төрағасы Ж.Базартай ұлттық ойынның маңызы жайлы айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Алғаш рет ұйымдастырылған сайыста Қызылорда қаласы мен барлық аудан орталығынан жиналған командалар бақ сынасты. Дәлдік пен мергендікті талап ететін ұлттық ойында Аралдан келген команда ерекше көзге түсіп, бас жүлдені қанжығасына байлады. Жүлделі екінші және үшінші орындарды қалалық командалар өзара бөлісті. «Ұшқын Қызылорда» ЖШС мүгедектерге арналған оқу-өндірістік кәсіпорын басшысы Бақыт Жұмашев пен «Медиа Жұлдыз» медиа орталығының директоры Ақгүл Әбдірәсілқызы демеушілік еткен турнирде жүлдегерлер мен барлық қатысушылар арнайы сыйлықпен марапатталды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |