Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірсайыс өтті

Қоғамның жегіқұртына айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетімізде мықтап қолға алынып, кешенді түрде жүргізілуде.
«Еліміздің ертеңгі тірегі – бүгінгі жастар» деп, Елбасы айтқандай, болашақ жастарға үлкен сенім артуда.
Осы ретте аудандық «Жастар үйі» ғимаратында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жоспарына сәйкес «Мемлекеттік қызмет – қоғам мен әрбір Қазақстандыққа қызмет етудің ерекше түрі» тақырыбында пікірсайыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барысында мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында тығыз ынтымақтастықты орнату болып табылады.
Қоғамның өзекті мәселелерінің бірі жастардың санасында мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын ояту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен пікірсайысқа ауданымыздың жас мемлекеттік қызметшілері, студенттер мен оқытушылар ойларын ортаға салып дәйекті пікірлерімен бөлісті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қазан 2018 г. 774 0