Облыстық ішкі саясат басқармасы және "Туған жер" қоғамдық қозғалысы" қауымдастығының ұйымдастыруымен Шиелі ауданында "Нұр Отан" партиясының аудандық филалында "Өз құқығыңды білесің бе?" тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕ АҚ облыстық филиалының бас сарапшылары Абылай Рахымов, Айгүл Аханова, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Маханбет, "Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі" АҚ облыстық филиалының консультанты Альфия Длекешова, Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Жасұлан Тасабаев қатысты. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ-ң өкілі А. Рахымов қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде МӘМС-тің енгізілуі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің дамыған елдердің үлгісі бойынша қаржылық-тұрақтылыққа алып келетіндігін, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратындығын және мемлекет пен азаматтардың денсаулығына жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін айтты. А.Длекешова "Орда", "7-20-25" бағдарламалары бойынша баспаналы болудың тәртібін түсіндірсе, "Туған жер" Қауымдастығының төрайымы
К. Еримбетова жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырып, қоғамдық қабылдау, құқықтық кеңес беру мен ашық есік күндеріне тұрғындарды белсене қатысуға шақырды, ал Ж.Тасабаев Елбасының биылғы Жолдауында айтылған басым бағыттарға тоқталып өтті.