КӘСІПКЕРЛЕР АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

Бүгін аудан әкімі М.Ергешбаевтың төрағалығымен сәулет және қала құрылысы жөнінде жұмысшы тобының отырысы өткізілді.
Отырыста аудан көлемінде салынатын ғимараттардың нобайлық жобалары ұсынылып, жер учаскелері талқыланды. Кәсіпкерлер тарапынан 4 жоба ұсынылған болатын. Атап айтсақ, жеке кәсіпкер Т.Абуовтың мейрамхана ғимаратының жер учаскесі, нобайлық жобасы, жеке кәсіпкер Ж.Абишованың балабақша ғимаратының жер учаскесі, нобайлық жобасы, жеке кәсіпкер А.Құрақбаеваның мейрамхана ғимаратының жер учаскесі, нобайлық жобасы және жеке кәсіпкер Е.Утеевтің мейрамхана ғимаратының жер учаскесі, нобайлық жобасы комиссия отырысында қаралды. Аталмыш жобалар бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Теміров Болатбек Әубәкірұлы хабарлама жасалды.
Жұмысшы топ мүшелері өздерінің талаптары мен ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар аудан басшысы әр нысан бойынша құрылыс нормаларының қатаң сақталуын ескертті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қазан 2018 г. 405 0