« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау мақсатында аймақтың жас көшбасшыларының қатысуымен брифинг өтті.
Брифингте Елбасы Жолдауының жастарға деген сенім мен жауапкершіліктің айғағы екендігі айтылды. Мемлекет басшысының келер жылды «Жастар жылы» деп атауды ұсынуы – кейінгі толқынның келешегін кемелдендіретін бастама. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес атаулы жылды мазмұнды әрі жоғары деңгейде атап өту керектігін айтты. Оған әрбір жас атсалыса алады. Осы орайда облыстық «Жас Отан» жастар қанаты қараша айынан бастап жастардың ұсыныстарын қабылдау мақсатында «Jas Otan Orda» ресми сайтын іске қосады. Ресми сайтқа кез келген жас өзінің ойын, пікірін, идеясын жолдай алады.
Жастардың уақытын тиімді өткізуі пайдалану бәрінен маңызды. Осыған сай кітапханаларды заман талабына сай жаңғыртып, «Білім орталықтарына» айналдыру жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана мен Шиелі аудандық орталық кітапханасы жасақталып, оқырмандар игілігіне берілді. Енді жыл соңына дейін 6 аудандық, 1 қалалық орталық кітапхана аталған тізімге енетін болады. Осы мақсатта жасотандықтар бастамасымен кітапханаларға жастарды көптеп тарту негізінде коворкинг орталығының бірыңғай тұжырымдамасы әзірленді. Сонымен бірге Талғат Тілес бүгінде жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі алаңдататынын жеткізді. Бұл мәселенің шешімі – шағын және орта бизнесті дамыту.
Елбасы Жолдауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін созуды жүктеді. Аймақта 2018-2020 жылдар аралығы жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылдары деп жарияланды. Бұл шешім өз кезегінде жастарға да кәсібін ашып, шаруасын дөңгелентуге үлкен септігін тиігізіп отыр.
Ауыл жастарын қолдау мақсатында қолға алынған жобалар жайы да талқыланды. Жастарға ағылшын тілін үйрету курстарын ұйымдастырып, өзге де жүйелі жұмыстар қолға алынған. Ал, «Жылы жүрек» еріктілер тобының жетекшісі Сағатбек Сиюов Елбасының әрбір Жолдауында жастар жайы назардан тыс қалмайтынын айтты. Сондықтан бұл жастарға берілген үлкен мүмкіндік екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол жастар арасында қамтылмай жүрген жайттарды да тілге тиек етіп, өз ұсыныс-пікірін білдірді.
Брифинг соңында Талғат Тілес жастардың «NURINTECH» республикалық инновациялық жобалар байқауы өтетінін мәлімдеді. Байқауды ұйымдастырушы – «Нұр Отан» партиясы. Үйлестіру жұмысы «Жас Отан» жастар қанатына жүктелген. Өтінімдер 2018 жылдың 19 қазанынан бастап қабылданып жатыр. Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оған 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. «Әлеуметтік маңызды инновациялар», «Үздік жас ғалым» және «Жастардың инновациялық жобалары» сияқты үш кезеңнен тұратын байқаудың жалпы жүлде қоры – 5250000 теңге.
Сара АДАЙБАЕВА.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |