БҮЛДІРШІНДЕР АЛТЫН КҮЗДІ ТОЙЛАДЫ

  Шиелі ауданы Тартоғай ауылында жаңадан 90 орындықты  "Құлагер" бөбекжай-бақшасы" бой көтерген болатын. Кеше "Қарлығаш" тобының бүлдіршіндері жаңа ғимаратта Алтын күз мерексін атап өтті.
Шара барысында балақайлар көрініс қойып, үш тілде тақпақ айтты. Психолог ата- аналармен балалар арасында тренинг өткізді. Ата-аналар күзгі өнімдерден шағын көрме ұйымдастырды. Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар комитетінің төрайымы Сұлухан Шайымбетова,  бөбекжай-бақша меңгерушісі Гүлшаһар Қуанышбаева бүлдіршіндерге жылы лебіздерін арнады. Шара соңы бүлдіршіндердің концертіне ұласты.

Перизат ШӘБЕНОВА, 
тәрбиеші
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қазан 2018 г. 702 0