« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі мемлекеттік кірістер департаменті және көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, облыс көлемінде заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын такси көлік құралдарын анықтау, олар тарапынан жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында облыс аумағында ағымдағы жылдың қазан айының 24 мен қараша айының 2 күндері аралығында «Такси» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Сіздердің назарларыңызға жолаушылар тасымалымен айналысатын такси көліктерінде болуы тиіс құжаттар тізімі ұсынылады:
1) Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлігі (ҚР «Автомобиль көлігі туралы» 04.07.2003 жылғы №476 Заңы)
2) Жергілікті атқарушы органға такси жөніндегі хабарлама (ҚР «Автомобиль көлігі туралы» 04.07.2003 жылғы №476 Заңы)
3) Диспетчерлік қызметінің келісім шарты (ҚР «Автомобиль көлігі туралы» 04.07.2003 жылғы №476 Заңы)
4) Рейс алдында тех. және мед.тексеруден өткендігі туралы жол парағы (ҚР «Автомобиль көлігі туралы» 04.07.2003 жылғы №476 Заңы)
5) 6 ай сайын техникалық байқаудан өткен куәлігі
6) Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы міндетті сақтандыру (ҚР «Автомобиль көлігі туралы» 04.07.2003 жылғы №476 Заңы)
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |