БЖЗҚ қазақстандықтардан алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануды сұрайды

Бірыңғай зейнетақы қоры қазақстандықтарды алаяқтардың құрығына кезекті рет түсіп қалмауды сұрайды.

Бүгінде ғаламтор алаяқтары алдаудың түрлі тәсілін ойлап табуда. Олар әр түрлі атпен ғаламторға хабарлама жазып, Астана мен өзге де қала тұрғындарына екініші деңгейлі банктерден несие алып беруге ұсыныс жасап жатыр.

Оған қызыққан адамдарға смс-хабарлама жіберіп, алаяқтың банк карточкасының реквизиттерін жібереді. Оған зейнетақы қоры атынан клиенттің ақша төлеуге мүмкіндігі бары хабарланатыны жөнінде анықтама алу үшін белгілі мөлшерде ақша аудару керек екені жазылады.

Айта кетейік, зейнетақы жинағы туралы мағлұмат пен анықтаманы барлық азамат кез келген бөлімшеден тегін ала алады. Пошта арқылы, электронды мекен-жайға немесе БЖЗҚ мобильді нұсқасы арқылы ала алады.

Қазір БЖЗҚ құқық қорғау органдарына аталған алаяқтық фактілер бойынша хабарлады.


stan.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қазан 2018 г. 477 0