Қылмыстылықтың алдын алу - ортақ міндет

  Тұрғындар арасында құқық бұзушылық, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры  Арал ауданының және қала орталығындағы бірқатар мемлекеттік мекемелерінде қоғамдық шара өткізді.

Оған аудан және қала тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары, медицина салаларының қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйым  өкілдері қатысты. Шараларда облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Нұғман Жақұдаев мен қор директоры Жандос Тұсмағамбетов аталған тақырыптар бойынша хабарлама жасап, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

М.СНАДИН.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қазан 2018 г. 653 0