« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Облыста мемлекеттік қызметті электронды нысанда ұсыну жолға қойылып келеді. Биылдың өзінде 500-ге жуық заңды тұлға электронды тіркеуден өткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстық әділет департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Еркін Тәжікенов хабарлады.
Еркін Оңдасынұлының айтуынша, әділет органдары қызметіндегі басты функциялар қатарында жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу бар. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары биыл тіркеуге 352 нормативтік құқықтық акті ұсынған. Оның ішінде мемлекеттік тіркеуден өткені – 332, мемлекеттік органдармен кері қайтарып алғаны – 9, қалған 11-і қаралу үстінде.
– 2018 жылғы 24 мамырдағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу құзыретін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ жүзеге асырып келеді. Бұл жағдайда әділет органдарының осы саладағы бақылау жүргізу қызметтері сақталатын болады. Департамент азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуін бақылау және методикалық көмек көрсету функциясын атқарып келеді. 9 ай көлемінде 23 мың 773 азаматтық хал актісі тіркелді. Зияткерлік меншік саласы бойынша заңды тұлғалардан 6 өтініш түсіп, жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 3 құқық бұзушылық анықталды. Олар сотта қаралып, 100 мың теңгеден астам айыппұл салынса, заңсыз айналымнан 65 мың теңгенің контрафактілік өнімдері алынды, – деді Е.Тәжікенов.
Жиын барысында департамент басшысының орынбасары Ақәділ Махамбетов те адвокаттық немесе нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттес- тациялаудан өту қағидаларын, сот актілерін орындау тәртібін сөз етті. Мәселен, биыл 9 айлық көрсеткіш бойынша 86 мың 521 өндіріс орындауда болып, облыс көлемінде ҚР ӘҚБтК-нің талабымен барлығы 110 борышкерге әкімшілік шара көрілген. Ақәділ Шакизатұлы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бері жеке сот орындаушыларының құзыретіне 1000 АЕК асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы құжаттарды, мемлекет мүддесінде жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою істерін қоспағанда, атқарушылық құжаттардың барлық санаттары беріліп, жеке сот орындаушыларының өкілеттіктері кеңейтілгенін де еске салды.
Мөлдір Қалымбет.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |