
АҚШ-тың Калифорния штатында жылқы саны көбейіп кеткендіктен, жергілікті билік әр жылқыны 1 долларға сататын болып шешті. Штат аймағында иесіз үй жылқыларының көбейіп кетуіне байланысты жергілікті билік осындай шешім қабылдаған.
Билік өкілдерінің мәліметінше, буаз және жас жылқылар мал бағамын деген азаматтарға тегін берілмек. Ал ұсталған 1000 жылқының басым бөлігі мал ұстайтын шаруашылығы бар тұрғындарға 1 долларға сатылмақ. Әр жылқыны 1 долларға сатып алған азамат кейін оны бағып ұстауына немесе сойып тастауына да ерікті.
Айта кетейік, Калифорния штатының солтүстігіндегі Мобок ұлттық орманының аумағындағы Девилс Гарден төбесінде иесіз үй жылқылары көптеп мекендейді. Өткен айда жергілікті билік иесіз үй жылқыларының көбейіп кетуіне байланысты, нақтырақ айтсақ, жылқы басының 4 мыңға жетуіне орай жоғарыдағыдай шешім қабылдаған. Мамандардың айтуынша, егер жануар популяциясы шектен асып кететін болса, онда жайылым мен су тапшылығы туындамақ.
Билік өкілдері жылқы асыраудың шығыны көп болғандықтан, осылайша әр жылқыны бар болғаны 1 долларға сатуға мәжбүр болып отыр.
Дайындаған Ж.ӘЛМАХАН.