« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
29 жыл бұрын (1989) VI шақырылымындағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі Геннадий Геннадьевич Шиповских дүниеге келді.
Қызылорда облысы, Арал ауданының Сексеуіл кентінде туған. Әкесі Шиповских Геннадий Павлович пен анасы Куликова Лидия Николаевна қайтыс болғаннан кейін 2004 жылы Макаренко атындағы Қызылорда қалалық балалар үйіне түскен. Сол жылы қазақ отбасы асырап алады. 2009 жылы Қызылорда қаласындағы №6 кешкі мектепті бітіргеннен кейін Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде №5 кәсіптік лицейіне «Машинист көмекшісі» мамандығы бойынша оқуға түседі. 2010 жылы оқуды үздік бітіріп, Қызылорда Локомотив жөндеу депосына жылжымалы құрам слесарі ретінде жұмысқа орналасады. 2013 жылы Қызылорда Локомотив пайдалану депосына «машинист көмекшісі» лауазымына ауыстырылды. 2014 жылы Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық колледжіне оқуға түседі. Облыстық және қалалық бірнеше қоғамдық шараларға белсене қатысқан. «Қазақстан темір жолы» АҚ «Evolution» атты «Көңілді тапқыштар клубының» мүшесі. 2016 жылғы наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |