Жақында Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы саябақта жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салу салтанаты өткізілді. Оны жастарды қолдау орталығының аудандағы өкілдігі мен аудандық ішкі саясат бөлімі, «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Отан қорғаушыларға аудандық денсаулық сақтау саласы ардагерлері қоғамдық қорының төрағасы, Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисенов бата берді. Әскерге шығарып салу салтанатына А.Орынбеков , Н.Лақаев, Қ.Мұбараков, А.Саудаев, А.Айбергенов және М.Жадырасын есімді әскерге аттанғалы тұрған жас сарбаздар келді. «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілиясов Отан қорғаушыларды құттықттап әскерге қажетті заттар мен аманат хат табыстады.