Данияр Елеусінов америкалық боксшыны бірінші раундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Бостондағы бокс кешінде америкалық Мэтт Догертиді бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. 2 минут 33 секундтан кейін төреші шаршы алаңдағы шайқасты тоқтатты. Данияр техникалық нокаутпен қарсыласын жеңді.

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Келесі кездесуін 24 қараша күні Монакода өткізеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қазан 2018 г. 414 0