Егер сіз алаяқтың құрбаны болсаңыз...

Бүгінгі күні облыс орталығында алаяқтық қылмыстарының орын алып  отырғандығын  ескере отырып, Сіздерге таныстарыңыз немесе бөгде адамдар:

Кезектен тыс арзан бағаға пәтер алып беремін;
Банктен несие алып беремін;    
Қылмыстық жауаптылықтан босатып беремін;
Жұмысқа орналыстырып беремін;
Жер алып беремін;
Жүргізуші куәлігін алып беремін;
Ғаламтор жүйесі арқылы /olx, kiwi, Instagram, интернет банкинг, пирамида/ заттар сатып алу,  айырбастау.
Арзан бағаға автокөлік алып беремін;
Грантқа оқуға түсіруге көмектесемін;
Шет елден арзан бағаға заттар әкеліп беремін;
Диплом жасатып беремін
деген ұсыныстар жасаса, сақ болуларыңызды ескертеміз!
Себебі алаяқтар әр түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы сенімге кіріп, алаяқтық жолмен ақша қаражаттарыңызды иемденіп кетуде.
Егер, Сіз алаяқтық фактілері туралы білсеңіз немесе алаяқтың құрбаны болсаңыз Қызылорда қаласының Ішкі істер Басқармасының 27-06-42 сенім телефонына немесе «102» нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қазан 2018 г. 512 0