Сырдарияда құрылыс жұмыстарына талап күшейтілді

Сырдарияда құрылыс жұмыстарына талап күшейтілдіБиыл ауданда бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтермек, сондай-ақ елді мекендердің көше инфрақұрылымын дамытуда көзделіп отыр.
Атап айтсақ, Шіркейлі ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысы мен дәрігерлік амбулатория құрылысы басталатын болады. Бесарық, Аманкелді, Ақжарма, О.Мәлібаев елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құрылымдау және кеңейту жұмыстары және Тереңөзек кентіндегі Айтек каналының оң жақ бетіндегі шағын ауданның көшелерінің инфрақұрылымын жетілдіру үшін 2,14 шақырым жол мен электр желісін тартуға 98 189,0 мың теңгегенің жұмыстары атқарылмақ. Сонымен қатар Айдарлы, С.Сейфуллин және Іңкәрдария елді мекендерінде ауылдық клуб құрылысы басталады. Осыған орай аудан әкімі Ғ.Қазантаев аудан аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемелер басшыларымен кеңес өткізді. 
"Кеңесте негізі өткен жылғыдай кейбір құрылыс нысандарын сын көтермейтіндей сапасыз болуына жол бермеу, әрбір нысанның өз уақытында тапсырылуын, қаражаттың мерзімінде игерілуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, жұмыс барысы пысықталды" деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 мамыр 2014 г. 675 0