Жаңа техникалар тазалыққа сақтауға пайдаланылмақ

Жаңа техникалар тазалыққа сақтауға пайдаланылмақҚазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі көше тазалығын сақтауға ерекше мән беріліп отыр. Бұл мақсатта арнайы техникалар алынуда.
Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  «Қазалы тынысы» ЖШС техникалық базасын нығайту мақсатында бірқатар көліктер жеткізілді. Олардың қатарында КаМАЗ самосвалы (11 млн. теңге), «Hidromek» маркалы экскаватор-жүк  артқыш (18 600,0 мың теңге), DONG «FENG CLW5040JGKZ3» маркалы автовышка  (7800,0 мың теңге) бар. Барлығына 37 400,0 мың теңгеге жұмсалды. КаМАЗ самосвалы құм төгіп, тас тасиды,экскаватор-жүк артқыш каналдарды тазалайды, автовышка  көшедегі жарық шамдарды, баннерлерді іледі. Қазіргі таңда аталмыш техникалар қажетті мақсатқа пайдаланылуда.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 мамыр 2014 г. 734 0