Елтаңба авторы ауыл мешітінің жобасын жасады

Елтаңба авторы ауыл мешітінің жобасын жасады Жаңақорған ауданындағы Сунақата ауылдық округіне қарасты Еңбек елдімекенінде Алла үйі – мешіттің іргетасы қаланды. Мешіт демеушісі – Нұрылда Талипов. 
Мешіт үйінде бір мезгілде 100 адам емін-еркін сияды. Н.Талипов ұзақ жылдар бойы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері қызметін абыроймен атқарып, бүгінде кезекті еңбек демалысына шыққан зейнеткер. Астана қаласына қоныс аударса да, туған ауылы – Еңбектен имандылық үйін салуға көңіл бөлді. Ағамыз құрылыс нысанының басы-қасында жетекшілік етіп өзі жүр. «Айта кетейік, мешіттің нобай сызбасын жерлесіміз, аталмыш ауылдың тумасы, ҚР Елтаңбасының авторларының бірі – Жандарбек Мәлібекұлы жасаған. Алла қаласа, имандылық үйі жаз маусым айының соңына таман халық игілігіне беріледі деп күтілуде» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 мамыр 2014 г. 877 0