Ресейде колледжде болған жарылыс теракт деп аталды

Ресейдің Керчи техникалық колледжінде жарылыс болып, 13 адам қаза болды. Одан өзге 50 адам зардап шекті, - деп хабарлады Stan.kz.


Ресейдің тергеу комитеті жарылысты террорлық акт ретінде қарап жатыр. Іс “Теракт”, “Заңсыз қару ұстау” және “Екі не одан да көп адамды жалпылай қауіпті жолмен өлтіру” бабы бойынша қаралып жатыр.

Жарылысқа күдікті колледжде өлі күйінде табылды. Оның денесі оқу орнының екінші қабатынан табылды. Күдікті өзіне қол салған. Ол осы оқу ордасыныітөртінші курс студенті болып шықты. Бұл туралы Қырым басшысы Сергей Аксенов айтты.

“Қылмыскер өзін атып өлтірді. Ол 22 жаста. Денесі кітапханадан табылды”, – дейді Аксенов.

Күдікті колледжде адамдарды ата бастаған. Кейін жарылғыш зат лақтырған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қазан 2018 г. 719 0