Облыстық чемпионатта жүлделі орынды иеленді

14 қазан күні жоғары спорт шеберлігі мектебінің спорт залында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық жекпе-жек сайысы федерациясының ұйымдастыруымен жекпе-жек сайысынан ересектер арасында облыстық чемпионат өткізілді.
Жарысқа ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, 2019 әскери бөлімі, қорғаныс министрлігі 66597 әскери бөлімі, облыстық ішкі істер департаменті, облыстық мемлекеттік күзет қызмет басқармасы, Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімі, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, «Қажымұқан» спорт клубынан 8 команда 65 спортшы қатысты.
Облыстық чемпионатқа  Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінен құралған  командасы қатысты. Сайыс тартысты да қызықты өтті.  Сайыс қорытындысымен біздің әріптестеріміз атап айтсақ, 55 келі салмақта ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Т.Алдамжар  жүлделі І орынды иеленсе, Сырдария аудандық Пробация қызметі бөлімінің инспекторы А.Бақдаулетов  ІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарға Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдары табыс етілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қазан 2018 г. 643 0