
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауын насихаттау мақсатында Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының басшылығы оны мекеме қызметкерлері арасында жан-жақты талқылады.
Театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхит Әбдікәрімов Жолдаудың маңыздылығын назарда ұстап, мекеме қызметкерлерін алдағы уақытта бірлесіп қарқынды жұмыс жасауға шақырды. Театрдың аға буын өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бақытбек Алпысбаев 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланғанын ерекше атап, театр жастарына жалынды жігермен жұмыс істеп, кез келген қойылымдарда алдыңғы қатарда көрініп, белсенді болуға шақырды. Елбасы Жолдауының маңыздылығын жастардың бойына ұялатып, Жолдаудың жарқын жолымен жүруге бағыттады.
Осы орайда театрдың жастар труппасының белді мүшесі Қанат Архабаевтың режиссерлығымен И.Сапарбайдың «Ауылдан келген ару» спектакліне дайындық жұмыстары жүріп жатқанын айту ләзім. Театр репертуарындағы өнегесі мол, жастарды тәлім-тәрбиеге баулитын Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасы облысымыздағы жоғарғы оқу орындарының сутденттеріне ақысыз негізде ұсынылатын болады. Сондай-ақ, Жолдауда көрсетілген нақты міндеттерге сәйкес жауапты қызметкерлерге тапсырма берілді.
Қазақстанның мәдениет қайраткері, театрдың кәсіподақ ұйымының төрайым Зәлипа Төлепова жас өнерпаздардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына қол ұшын беру, олардың сахналық толыққанды кейіпкер жасап шығаруына мүмкіндік жасауға өнердің шын жанашыры ретінде атсалысатынын атап көрсетті.
Театр ұжымы Елбасы Жолдауымен толық танысып, алдағы уақытта Елбасының кемел саясатын жүгезе асыра отырып, қазақ өнерінің дауына өз үлестерін қоса бермек.
Б.Ыдырысова,
театрдың ақпарат бөлімінің меңгерушісі