Табысты Шымкент марафоны

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде кәсіби және бұқаралық спортқа ерекше мән беріліп, жас ұрпақтың дені сау, жігерлі азаматтар болып өсуіне жан – жақты жағдай жасалады. Оны жыл көлемінде түрлі деңгейде өткізіліп жатқан көптеген спорттық – сауықтыру шараларынан байқауға болады.

Колледждегі «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының оқытушылары қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық спорттық сайыстарға тек шәкірттерін қатыстырып қана қоймай, өздері де үлгі көрсетіп, өнеге танытады.

Жақында ғана Ақмола облысының Щучинск қаласындағы халықаралық «Бурабай» шаңғышылар базасында ұймдастырылған «Экстремалды Атлетика» атты кедергілер арқылы жүгіру жарысынааймағымыздан жалғыз команда болып Дархан Сапарымбетов, Талғат Нарымбетов, Аманкелді Тілеуов, Медетхан Нурмағамбетов сынды оқытушылар қатысып, нәтижесінде жігіттер арнайы «RACE NATION BURABAY»медалімен марапатталса, 2018 жылдың 14 қазаны күні «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының оқытушысы Дархан Сапарымбетов пен студенттер Пак Лилия, Әбсанов Батырхан, Төребек Расул ауқымды халықаралық спорттық шара –«Shymkent Marafhon-2018»марафондық жүгіруге қатысып, «FINISHER»медалін иеленіп қайтты.

Марафонға республикамыздың барлық аймағынан бөлек Өзбекстан, Тәжікстан, АҚШ, Жапония, Корея, Италия сынды алыс, жақын шетел спортшылары қатысты. Дәстүрге айналған Астана, Алматы марафондарын енді міне, Шымкент марафоны жалғастырып жатыр. Спортшыларымызды табыстарымен құттықтай отырып, ендігі жерде біздің өңірімізде де «Қызылорда марафоны» өтіп, басқа мемлекеттердің де спортшылары Сыр топырағында бақ сынаса дейміз.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қазан 2018 г. 559 0