Сұлутөбеде ХҚКО бөлімшесі ашылуда

Сұлутөбеде  ХҚКО бөлімшесі ашылудаШиелі ауданында Сұлутөбе ауылдық округіндегі «Казпошта» байланыс бөлімінде халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесі пилоттық режимде өз жұмысын бастады. 
Бұл мекеме «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК мен «Казпошта» АҚ арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум аясында тұсауын кесті. ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ішінен көп қолданыстағы қызмет түрлері бойынша Сұлутобе байланыс бөлімшесіне ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі қосылып, қазіргі таңда ауыл тұрғындарына қажетті анықтамалар кедергісіз берілуде.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2014 г. 774 0