Шиелі ауданы - «Алтын күз» спартакиадасының жеңімпазы

4-7 қазан аралығында Шиелі ауданында ауыл спортшыларының XXXII «Алтын күз» облыстық спартакиадасы өтті. Елбасы Жолдауынан туындайтын бұқаралық спортты дамыту, ұлттық спортты жандандыру, ауылдық жерлерде саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген спартакиадаға 1000-нан аса  ауыл спортшылары қатысты.

Спорттың 16 түрін қамтитын бұл бәсекеде аймақтың барлық аудандарының құрама командалары өнер көрсетті. Спартакиаданың салтанатты ашылуында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов  жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте 116 ұпаймен  Шиелі ауданының  командасы – бірінші, 112 ұпаймен Жаңақорған ауданы – екінші, 83 ұпаймен Қазалы ауданы  - үшінші орындарға  ие  болды.

Айта кетейік, былтыр Жалағаш ауданында өткен дәстүрлі спартакиадада Шиелі ауданы бірінші орынды жеңіп алған болатын.

Келесі жылы XXXIII «Алтын күз» спартакиадаcы Қармақшы ауданында өткізіледі.


Спартакиаданың қорытынды кестесі:


р/с

Спорт түрі

I орын

II орын

III орын

1

Қазақ күресі

Қармақшы

Шиелі

Жаңақорған

2

Тоғызқұмалақ

Сырдария

Шиелі

Жалағаш

3

Шахмат 

Жаңақорған

Шиелі

Қазалы

4

Қол күресі

Жаңақорған

Шиелі

Қармақшы

5

Гір көтеру

Жаңақорған

Қармақшы

Арал

6

Президенттік көпсайыс

Жалағаш

Қармақшы

Арал

7

Үстел теннисі

 

Қазалы

Сырдария

Шиелі

8

Қол добы

Шиелі

Жаңақорған

Қазалы

9

Көкпар

Жаңақорған

Шиелі

Жалағаш

10

Аударыспақ 

Жаңақорған

Шиелі

Сырдария

11

Теңге ілу 

Жалағаш

Қазалы

Шиелі

12

Асық ату

Арал

Қазалы

Жаңақорған

13

Бес асық

Арал

Жалағаш

Жаңақорған

14

Футбол 

Жалағаш

Қазалы

Шиелі

15

Волейбол

ерлер

әй-р

ерлер

әй-р

ерлер

әй-р

Сырдария

Сырдария

Шиелі

Жаңақорған

Қазалы

Арал

16

Баскетбол

ерлер

әй-р

ерлер

әй-р

ерлер

әй-р

Қармақшы

Шиелі

Шиелі

Жаңақорған

Жаңақорған

Сырдария

Жалпы командалық есепте:

Шиелі ауданы

Жаңақорған ауданы

Қазалы  ауданы




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қазан 2018 г. 717 0