« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
10-сынып оқушысы Әлихан Рахметов зағип және көру қабілеті шамалы адамдарға арнап көшеде қозғалу мен жүруді жеңілдететін таяқ жасады. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлихан Астанадағы №73 лицейде оқиды. Ол мектептегі STEM-зертханаларында әлеуметтік жобасын іске асырып жүр.
Зағип адамдарға арналған қарапайым таяқты пайдаланып, осы датчиктерді орнатуға да болады. Таяқ аккумулятор арқылы жұмыс істейді, желі арқылы қуатталады. Толық бір қуаты бір аптаға жетеді, – дейді Әлихан.
Жобаны іске асыруға оған STEM-зертханасындағы оқытушысы Жанат Нұғыманов көмектесті.
Әлихан – өте талантты, болашағы зор оқушы. Ол 8-сыныптан бастап жаңармалы энергия көзіне қызығып, кішігірім гидроэлектростанциялар құратын еді. Жақында республикалық ақпараттық жүйелер бойынша конкурста 3-орынды иеленді, – дейді мұғалімі оқушысы жайында.
Осы жылдың соңына дейін Әлихан Рахметов әкесінің көмегімен жобасын патенттеп, осы іске асыруды жоспарлап отыр.
Бұл әлеуметтік бағдарлама болғандықтан таяқты қолжетімді бағаға сатамыз. Оны құрастыратын жер болса, жеткілікті, – дейді Әлихан.
Айта кетейік, мектептегі STEM-зертханасының үйірмесі 4 бағытты біріктіріп жұмыс істейді: ғылым, технология, инженерия, математика. Бұл жерде балалар робот техникасын, 3D-модельдеуді және бағдарламалауды үйренеді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |