Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай күтіледі. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, батысында тұман болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Алматы, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.