« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Соңғы екі айда валюта нарығындағы жағдай құбылмалы болып тұр. Теңгенің айтарлықтай құнсыздануы жұртшылықтың алаңдауын туғызуда. Оның себеп-салдары неде, болашаққа болжам қандай? Осыдан да ҚР Ұлттық Банкі Қызылорда филиалы басшылығының 8 айдың қорытындысы бойынша өткізген баспасөз конференциясында қойған алғашқы сұрағымыз инфляцияға қатысты болды.
Оған жауап берген филиал директоры Әсет Мұстафин теңгенің әлсіреу себебі, бірінші кезекте сыртқы байланыстар әсерінен болып отырғанын жеткізді. Біріншіден, бұл АҚШ федералдық резерв жүйесі мөлшерлемесінің өсуі салдарынан АҚШ долларының дамушы елдердің валютасына, жалпы нығаюына қатысты орын алды. Теріс әсер еткен екінші фактор – алдағы уақытта Ресейге қарсы санкциялардың күшейетіндігі туралы хабарлама болды. Осының аясында Ресей рублінің әлсіреуі жыл басымен салыстырғанда 14,8% құрады. Қазіргі таңда инфляция деңгейі республикада 6,1% болса, біздің облыста 6% құрады. Жалпы инфляция деңгейін өткен жылғы белгіленген 5-7% көлемнен асырмау көзделген. Үкімет тапсырмасына сай азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағытындағы шаралар жүзеге асырыла беретін болады.
Баспасөз конференциясында “7-20-25”. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері” бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктермен келісім-шартқа отырып, несиелер беріліп жатқаны айтылды. 2018 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша республикада 36,6 млрд теңге алу үшін 3089 өтінім қабылданып, 24,5 млрд теңгенің 2052 өтінімі мақұлданған. Ал біздің облыста 162,7 млн теңгені құрайтын 17 өтінім қабылданып, оның 16-сы мақұлданған. Сонымен бірге, бағдарламаға енгізілген өзгерістер жайынан мағлұматтар берілді. Мәселен, “Қамқор” бағдарламасы әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға арналса, “Жас Арман” бағдарламасы бойынша жас отбасылар баспанаға қол жеткізе алады. Ал екінші нарықтағы үй алатындарға “Баспана Хит” бағдарламасы қолайлылығымен ерекшеленеді.
Екінші деңгейлі банктердің жыл басынан бері экономиканы несиелеу көлемі 186,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,5% өсіп отыр. Биыл аймақта кәсіпкерлерді қолдау жылы басталды. Үш жылға созылатын бастама аясында кіші кәсіпкерлікке берілген несиелер көлемі 20,3% артқан. Ұлттық Банкінің бүгінгі таңдағы алтын-валюта резервтері 30,8 млрд долларды құрайды. Өткен жылы Ұлттық Банк халыққа арналған аффирленген алтынның құймаларын сату және сатып алу бағдарламасын іске қосқан болатын. Осы уақытқа дейін екінші деңгейлі банктер халыққа 175 келіден артық алтын сатыпты. Енді осындай сауданы тек екінші деңгейлі банктер ғана емес, айырбастау пункттерінде де жүзеге асыру жоспарланып жатқаны туралы баспасөз конференциясында айтылды.
Биыл “Астана 20 жыл”, “Сүйінші” коллекциялық монеталар айналымға шығарылған. Алдағы уақытта “Шығыс күнтізбесі”, “Қазақстан бейнелеу өнері” секілді тағы да басқа топтамалар аясында ең аз дегенде 25 коллекциялық жаңа өнімдер шығарылатыны туралы хабар коллекционерлер үшін жақсы жаңалық болғалы тұр.
Филиал директоры баспасөз конференциясы соңында қатысушыларға ҚР Ұлттық Банкінде жұмысқа қабылдау бойынша кезекті акция жария етілгені туралы жаңалықты жеткізді. Бұған дейінгі осындай өткізілген акция барысында 2 мыңнан астам өтініш қаралып, 117 адам жұмысқа қабылданған екен. Осындай талап жасағысы келгендер алдағы 30 күн ішінде ҚР Ұлттық Банк сайтына кіріп, өтінімдер қалдыруы қажет.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |