Шекара қызметкерлерімен кездесу өткізілді

Шекара қызметкерлерімен кездесу өткізілдіҚазалы ауданы, Қызылқұм ауылында «2019 Қызылқұм шекара заставасы» шекара қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында шекара қызметкерлері мектеп оқушыларымен өз қызметтерінің қыр-сырларымен бөлісіп, дала жиынында ел шекарасын қорғаумен Қазақстан Республикасының азаматтарына лайықты, өз отанына адал еңбек етіп жүрген тұлға екендіктерін көрсете білді. Отанын сыртқы қауіптен қорғау, ел тыныштығына іштен іріткі салушылардан сақтау қай елдің болса  да басты бағыттарының  бірі болып табылатындығын кездесу барысында сезіне білген оқушылар кеш қонақтарына арнап патриоттық әндер шырқап, шекара қызметкерлеріне өз көкейлерінде жүрген сан-сауалдарын қойды. Сондай-ақ кездесуде «2019 Қызылқұм шекара заставасы» қызметкерлері оқущыларға әскери ұрыс даласында қару-жарақтарды  жартылай  жинау мен оқжатарды жинауды көрсетіп, іс-шара барысында аталмыш іс-қимылдары оқушылардың өздеріне орындатып, бір мезгілдік әскери сабақ өткізді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2014 г. 1 160 0