« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Апта басында облыс орталығындағы жылу желілеріне жоғары қысыммен сынақ жасау барысында теміржол вокзалы маңындағы құбыр жарылып, біраз қолайсыздық тудырды. Біраз жерді су басып, көліктер мен жаяу жүргіншілерге біршама қиындықтар тудырды. Тез арада қажетті техникалар жұмылдырылып, сол күні кешке дейін орын алған олқылық қалпына келтірілді.
– Бұл – жылу құбырларын 16 атмосфералық қысыммен тексеріп, сынақтан өткізу кезінде анықталған жағдай. Мұнан бөлек, тағы бір құбырдың жарылуы орын алды, – деді бұл жөнінде «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК бас инженері Наурыз Сатқанов. Ол 10 қазанға дейін барлық жылу құбырлары сынақтан өткізіліп болатынын мәлімдеді. Ал 10 қазаннан бастап жылу құбырлары циркуляциялық айналымға қойылады. Бас инженер жылу беру маусымына дайындық барысында орталықтағы №6 бу қазандығы мен №3 бу турбинасы жөндеуден өткізілгенін жеткізді. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қаладағы 30 жылдан бері қолданылып келе жатқан жылу магистралінің 7 шақырымына 8 жоба бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осы жұмыстардың нәтижесінде облыс орталығындағы ауыстырылуы тиіс жылу желілерінің үлесі 40 процентке төмендеген. Ал жылу орталығында мазут резерві жасақталып қойылды.
«Қызылорда оңтүстік жылу орталығы» филиалы мен «Қазалы Теміржолжылу» қазандықтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары да аяқталу сәтінде екенін облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары хабарлады. Сонымен қатар, «Қызылорда оңтүстік жылу орталығы» филиалының шатырын күрделі жөндеу 10 қазанда аяқталады. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның электр желілері мен трансформаторлық станцияларына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары 96% орындалды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалы алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын толығымен орындады. «Қызылорда су жүйесі» МКК жыл басынан бері «Нұрлы жол» бағдарламасымен 14 жоба бойынша су құбыры мен кәріз жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын 94%-ке жеткізді. Жылу беру маусымына дайындық бойынша әлеуметтік нысандардың 100 процентіне және кіші қазандықтардың 97 процентіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің 98% маусымға дайын. Қалған жұмыстарды 10 қазанға дейін аяқтау жоспарланған. Жылу беру белгіленген мезімде басталады деп күтілуде.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |