« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Қазпочта»АҚ облыстық филиалы қызметі жақсарып келеді. Бұл туралы өңірліккоммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Тілшілерге жыл басынан бергі жұмыс көрсеткішін баяндаған «Қазпочта» АҚ Қызылорда филиалының директоры Аида Абибуллаеваның айтуынша, қалада, аудан орталықтарында және шалғай ауылдықокругтерде 193 бөлім мен бөлімше жұмыс істеуде. Хаттар мен сәлемдемелерді, жеделдетілген және курьерлік почта, ақша аударымы мен мерзімді баспасөз басылымдарын тарату жұмысы жүйелі жолға қойылған.
– Қазір облыстық филиалдың өзінде «Қазпочта» қызметін пайдаланушылар 238 мыңнанасқан, оның ішінде 364 компания жалақы алуға шарт жасасса, 100263 зейнеткер менжәрдемақы алушы біздің қызметімізге жүгініп отыр. Жыл басынан бастап облыс бойынша 15 720 533 дана газет-журнал таратылған. Тағы бір жаңалық, жасы 80-нен асқан қарт кісілерге зейнетақысын жеткізу немесе басқа да қызмет түрін өз үйінде көрсету бойынша жұмыстар атқарылмақ, – дейді облыстық филиал директоры Аида Ибрагимқызы.
Жиын соңында тілшілер қойған сұрақтарға жауап беріліп,ұсыныс-пікірлер айтылды.
Ержан ҚОЖАС,
«Сыр бойы».
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |