Әлем чемпионатына баратын балуандар іріктелді

Әлем чемпионатына баратын балуандар іріктелдіҚызылорда облысы, Жаңақорған ауданында белбеу күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Екі күнге созылған жарысқа еліміздің 11 аймағынан 122 спортшы қатысты. 
Аталмыш жарыстан маусым айында Мәскеуде белбеу күресінен болатын Әлем чемпионатына қатысатын  Қазақстан құрамасының мүшелері анықталды.  Дүбірлі бәсекеде Қызылорда облысының спортшылары 3 алтын, 6 күміс, 1 қола жүлдені иеленіп, бейресми емес командалықта үздік шықты. 
Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған спортшылар: 
Ұлдар арасында: 57 келі: Райымбек Рантаев, 62 келі: Нұрлыбек Алдабергенов (екеуі де Қызылорда обл.), 68 келі: Дәурен Дәмен,  75 келі: Ерсұлтан Мұзаппаров (екеуі де ОҚО), 82 келі: Заманбек Қанатұлы (Ақтөбе обл.), 90 келі: Айдос Құлманбетов (Астана қ.), +90келі: Нұрым Сәлімгереев (Қызылорда обл.). 
Қыздар арасында: 52 келі: Ботагөз Дюсембаева (Астана қ.), 58 келі: Айдана Намазбаева (Ақтөбе обл.), 66 келі: Әлия Ізім +66 келі: Эльмира Самиғоллаева (екеуі де Атырау обл.). 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің диплом, медальдарымен марапатталды. Сондай-ақ, жарыстың екінші күні қазақ күресінен «Түйе палуандар» сайысы өткізілді. Боз кілемде белдескен 17  палуанның ішінен өзінің шеберлігін танытқан қармақшылық  Мақсат Исақабылов «Түйе палуан» атанды. Екінші орынды қармақшылық Нұрым Сәлімгереев иеленсе, оңтүстікқазақстандық палуан Ерсұлтан Мұзаппаров қола жүлдеге қол жеткізді. Палуандарға ақшалай сыйақы табыс етілді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2014 г. 828 0