« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Облыста қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі – тұрғын үй құрылысы. Соңғы бес жылда оның көлемі 2 есеге артқан. Сырдарияның сол жағалауында салынып жатқан көпқабатты үйлер де кім-кімді болсын елең еткізеді. Қуантарлығы, оның төртеуі осы жылдың соңына қарай «Өз үйім» бағдарламасы арқылы қолданысқа берілмек. Бұл туралы біз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалы ұйымдастырған баспасөз турында білдік.
–Банк «Өз үйім» бағдарламасын 3 жыл бұрын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қолдау көрсету мақсатында бастаған болатын. Қызылорда бұл жоба іске асырыла бастаған алғашқы қала болды және қазіргі уақытта біз осы бағыттағы жұмысты белсенді түрде жалғастырып келеміз. Банк салымшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде жергілікті әкімдік қызметкерлері мен құрылыс салушылар жәрдем беруде. Биылғы жыл қорытындысы бойынша біз тұтынушыларға жаңа ауданнан тазаәрлеудегі 350 пәтерді ұсынуға дайынбыз. Үйлердің 1 шаршы метрі 120 мың теңгеніқұрайды. Кез келген клиент аталған бағдарламаға қатыса алады. Мұнда үміткердің атында тұрғын үй болуына қатысты шектеу-талаптар жоқ, – деді «Тұрғын үй құрылысжинақ банкі» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ілияс Жұрынов.
Сонымен қатар, пәтерді сатып алу үшін банк салымшысының есепшотында тұрғын үй құнының кем дегенде 20 проценті болу қажеттілігі айтылды. «Өз үйім» бағдарламасына қатысудың басты талабы да осы. Кейін банк жылдық 7 проценттік мөлшерлеме бойынша жеңілдетілген заем бере отырып, қолжетімді баспананы сатып алуға көмектеседі. Оған қоса, қарыз алушы тағы бір маңызды басымдыққа ие болады. Бірнеше жылдан кейін несие мерзіміне байланысты клиент бұдан да төмен, жылдық 5% мөлшерлемеге ауыса алады. Мәселен, құны 6 960 000 теңге болатын екі бөлмелі пәтерді сатып алуды ойласаңыз, алғашқы 8 жылда заем бойынша ай сайынғы төлем 58696 теңгені құрайды, ал кейін ол 43 028 теңгеге дейін төмендейді. Жалпы несие беру мерзімі – 14 жыл, яғни 168 ай.
Иә, бір үйге қол жеткізу – кез келгеннің арманы. Баспасөз туры барысында баспанасы барлардың өзі бұл тақырыптан шет қалмайтынын аңғардық. Солардың қатарында банк салымшысы Сәуле Тұрғанбаева бар.
–Қазір баспана алудың жаңа мүмкіндіктері көбейді. Сол үшін қуаныштымын. Ұл-қызымды жеткіздім. Немерелерімнен үлкен үміт күтемін, балаларыма олардың болашағын осы бастан қамдауға көмектескім келеді. Сондықтан осы шарадан тыс қалмауға тырыстым, – дейді ол.
Айта кетейік, сол жағалаудың тұрғынына айналуды ойлайтындар baspana.kz порталынан қажетті мәліметтерге қанық бола алады екен. Мұнда сіз бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдаудың басталу уақытынан бөлек, банк жаңалықтарынан хабардар болып, өзіңізге ұнаған нысанды, ондағы пәтерді таңдау мүмкіндігіне ие бола аласыз.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |