600 млрд теңгенің жеңіл несиелері қай салаға беріледі?

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы соңғы Жолдау аясында бөлінетін қыруар қаржыға қандай салаларды көтеруге болатынын жариялады. Ол қаражатқа xалық көп тұтынатын тауарларды шығару қажет, - деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Палата төрағасы Абылай Мырзаxметовтың айтуынша, бүгінде ішкі нарыққа қажетті өнімдерді шығара алатын кәсіпорындар бар. Бірақ олардың басым бөлігі толыққанды жұмыс істеп жатқан жоқ. Себебі тапсырыс аз. Оған қоса, өзіміз шығыра алатын тауарлардың біразы шетелден тасымалданады. Банктерден несие алу да оңай емес.
 «Ашығын айту керек, бүгінде орта және шағын бизнес үшін несие алу мәселесі қиынға соғып отыр. 18-19 проценттік несиемен өндірісті көтеру қиын. Елбасы 600 млрд теңгені бөліп беруді тапсырды. Ол қаржы бәріне жаппай берілмейді, тек xалық тұтынатын тауарларды шығаратын кәсіпорындарға ғана беріледі. Үкімет бақылайды. Біз де осы саладағы кәсіпорындардың тізімін ұсынуға дайынбыз. Президент шикізаттық емес секторда xалық көп тұтынатын тамақ, киім-кешек, аяқ киім, жиһаз және тағы басқа тауарлар өзімізде жасалауы қажет деп нақты тапсырма берді. Соның барлығы теңгемен шығарылады. Сондықтан xалыққа да тиімді болады. Ал шетелден келетін тауарлардың бағасы, көп жағдайда, валютаның бағамына байланысты болып жатады. Негізі, барлық тауарлар өзімізде шығарылса, отандық кәсіпорындар тапсырыс алады, бюджетке салық төленеді, жергілікті xалыққа да жұмыс табылады», - деді А.Мырзаxметов.
Оның сөзіне қарағанда, елімізде шикізаттық емес секторға жататын негізгі 8 сала бар. Соның ішінде тамақ, киім-кешек, жиһаз, дәрі-дәрмек, машина жөндеу, құрылыс материалдары бар.
«Біз жыл басынан бері паспорттау шараларын атқарып шықтық. Аталған кәсіпорындар 55 процентке ғана жұмыс істеп тұр. Демек, оларға мемлекет тарапынан, тұтынушылардан жаңа тапсырыстар қажет»,- деп атап көрсетті А.Мырзаxметов.
Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев xалыққа арнаған соңғы Жолдауында ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыруды тапсырды. Осыған байланысты Үкімет өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатында алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөліп береді. Ал Ұлттық банк басымды жобаларға қолжетімді несие беру үшін кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы береді.
 «Халық тұтынатын тауарлардың ауқымды номенклатурасын игеріп, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін кәсіпорындарымызға көмектесу керек. Бұл экспорттық әлеуетімізді жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін де маңызды», - деп атап көрсетті Президент.







ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қазан 2018 г. 719 0