Ауыз су беру уақытша тоқтатылады

2018 жылдың 9 қазан күні сағат кешкі 20-00 ден бастап 10 қазан күнгі таңертеңгі сағат 06-00-ге дейін Тасбөгет қыстағында орналасқан «Бас тоған», «Степь», «Арай», «Мерей», «Мұнайшы», «Қызылжарма» су алу құрылымдарының таза су жинау резервуарларына, Тасбөгет кенті және барлық қалалық ауыз су жүйелеріне жоспарлы жуып шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Қала тұрғындардан көрсетілген уақытта ауыз суды пайдаланбауын сұраймыз. 2018 жылдың 10 қазан күні сағат 00.00 ден 02.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады. 2018 жылы 10 қазан күні сағат 06.00-ден кейін ауыз суды пайдаланар алдында хлордың иісі кеткенше кранды ашып қоюлары қажет.

"Қызылорда су жүйесі" МКК
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қазан 2018 г. 858 0