Қызылордада бағанаға соғылған көлік иесі табылмай жатыр

Қызылорда қаласындағы Қыдыров көшесінде БМВ автокөлігі жол бойындағы электр бағанасын соққан. Салдарынан көлік жарамсыз болып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға қалалық ішкі істер басқармасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелген.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Келеңсіз жағдайдың мән-жайлары анықталуда. Оқиға орнынан кетіп қалған автокөлік жүргізушісін анықтау жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қазан 2018 г. 1 100 0