Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде банкроттық басқарушылармен өткен кезекті кездесуде «Кредиторлар комитетімен бекітілетін әкімшілік шығыстар сметасын қарау жағдайлары» талқыланды.
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 7)-тармақшасына сәйкес, банкроттық рәсімі – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.
Заңның 94-бабы 4)-тармақшасына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілік шығыстардың орнын толтыру жағдайларын қоспағанда, әкімшілік шығыстардың сметасын және банкроттық рәсімін жүргізу үшін тартылатын қызметкерлердің санын бекіту, кредиторлар комитеті құзіретіне кіреді. Алайда, банкроттық рәсімі барысында банкроттықты басқарушылармен әкімшілік шығындарды негізсіз ұлғайтуға жол берілген жағдайлары кездесуде.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес қазіргі уақытта өзекті мәселенің бірі болғандықтан, банкроттық басқарушы мен кредиторлар комитеті арасындағы келісім шартта әкімшілік шығынды негізсіз ұлғайтпау мақсатында келесі мәселелер басшылыққа алынуы тиіс:
банкроттық басқарушының сыйақысы «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес 50 АЕК –тен аспауы қажет (30% экологиялық коэффициентті қоса есептегенде);
келісім шартта заңгерге деген шығын нақты атқарылған (факт) жұмыстар бойынша деп көрсетілуі қажет. Заңгерлік қызмет тек дебиторлық берешекті өндіру, есептен шығарылған мүліктерді қайтару және т.б. сотқа дейінгі немесе сот процесіне қатысар кезде қажет етіледі. Осыған сәйкес, банкротық басқарушы мен заңгерлік қызметті көрсететін жеке кәсіпкер арасындағы келісім шартты (міндетті түрде қандай сот процесіне дейін жасалған шаралар және сот процесіне қатысқандығы жөнінде мәлімет келісім шартта көрсетілуі қажет) банкроттық басқарушымен кредиторлар комитетіне ұсынылуы керек. Сонымен қатар заңгер қызметін конкурстық массасының (есептен шығарылған мүліктің) ауқымдылығына қарай қарастыру қажет;
келісім шартта есепші көзделген жағдайда еңбек шарты немесе банкротық басқарушы мен есепші қызметті көрсететін жеке кәсіпкер арасындағы келісім шартты банкроттық басқарушымен кредиторлар комитетіне ұсынуы керек;
келісім шартта менеджер мамандығы көзделген жағдайда еңбек шарты (қандай жұмыс атқаратындығы жөнінде міндетті түрде көрсетілуі қажет) банкроттық басқарушымен кредиторлар комитетіне ұсынылуы керек. Менеджер қызметі тек банкрот-борышкердің жұмыс ауқымдылығына қарай белгіленеді;
келісім шартта ғимаратты жалға алу деген шығын болған жағдайда, банкроттық басқарушы мен ғимаратты жалға беруші жеке кәсіпкер арасында келісім шарт (коммуналдық шығынды төлейтіндігі немесе төлемейтіндігі жөнінде міндетті түрде көрсетілуі қажет) банкроттық басқарушымен кредиторлар комитетіне ұсынылуы керек. Сонымен қатар, мүліктік массасы бар банкрот-борышкерлердің әкімшілік шығынын белгілейтін әрбір келісім шарттарында банкроттық басқарушы ғимаратты жалға алу қызметі белгіленбеуі қажет (тек бір келісім шартта ғана көрсетілуі қажет);
келісім шартта қарауыл (3 қарауылға дейін) мамандығы көзделген жағдайда еңбек шарты немесе банкротық басқарушы мен күзет қызметті көрсететін жеке кәсіпкер арасындағы келісім шартты банкроттық басқарушымен кредиторлар комитетіне ұсынылуы керек;
келісім шартта басқа да шығындар көзделген жағдайда, нақты атқарылған жұмыс бойынша ақпарат (келісім шарттар, счет-фактура, прайс-лист т.б) банкроттық басқарушымен кредиторлар комитетіне ұсынылуы керек.
Осы талаптар шегінде қатысушылардың сұрақтары талданып, бірқатар кеңестер берілді.
Г.Ертанова,
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы