Ардагерлерге құрмет көрсетті

Кеше аудан әкімдігінің қолдауымен мәжіліс залында Қармақшы ауданының аппаратында ұзақ жылдар қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әділ Қошалақов сөз алып, ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алатынын жеткізді.
Қызметте жүріп талай жасты тәрбиелеп,әрқайсыларыңыздың ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіздің ерен екенін атап өтіп, мерейлі мерекемен құттықтады.
Қадірлі қарттарға арналған кештің қонағы болған мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам аянбай еңбек еткен Мақсұт Өтегенов осы кездесуді ұйымдастырушылаға ризашылығын білдіріп, барлық қарияларға денсаулық, отбасыларына амандық тіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қазан 2018 г. 581 0