Астанада Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы өтеді

1-3 қазан аралығында Астанада Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«1-3 қазан аралығында Астанада Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы өтеді. Оған кеңестің ұлттық комитеттеріне мүше елдер, салалық министрліктердің басшылары, энергетикалық компаниялар мен ірі қауымдастықтары басшыларының қатысуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аталған кеңесте атқарушы және бағдарламалық комитеттердің кездесулері, сондай-ақ жас мамандардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтеді», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бүгінгі брифинг барысында. Оның айтуынша, форум аясында инвестициялық мүмкіндіктер, тұрақты өсімге арналған жаңа шешімдер тақырыбында арнайы конференцияның өткізілуі жоспарлануда. «Аталған іс-шара әлемдік қоғамдастықтың назарын аударуға және жалпы Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған», - дейді ол.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қазан 2018 г. 858 0