Көңіл-көтеру шараларына шектеу қойылды

Көңіл-көтеру шараларына шектеу қойылдыҮстіміздегі жылдың 7 мамыры күнгі Шиелі ауданы аумағында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Қызылорда облысында 8-ші және 10-мамыр аралығында өтетін бұқаралық көңіл-көтеру шараларына шектеу қойылды. 
Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық телеарналарда думанды бағдарламалар көрсетілмейді. Естеріңізге салып өтейік, 7 мамыр күні Тартоғай елді мекені маңында жол апаты салдарынан 10 адам қайтыс болған еді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 мамыр 2014 г. 836 0