Көлік апатынан 10 адам қаза тапты

Көлік апатынан 10 адам қаза таптыТөтенше жағдай үстіміздегі жылдың  7 мамыр күні таңғы сағат 9-дар шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»  тас жолының Шиелі ауданы, Тартоғай елді мекені маңында орын алған. Оңтүстік Қазақстан облысына қарай бет алған жолаушылар мінген «Мерседес Спринтер» шағын автобусы  мен Қызылорда қаласына қарай қарсы бағытта келе жатқан «Тойота Ланд Крузер Прадо» автокөлігі соқтығысқан.  
Мәлімет бойынша екі көлікте барлығы 19 адам болған. Көлік апаты салдарынан 10 адам, оның ішінде қос көліктің жүргізушілері де қайтыс болған. Ауыр жараланған 6 адам аудандық ауруханаға, 2-уі облыстық медицина орталығына жедел жеткізілді. 
Көлік апаты туралы ақпарат келіп түскен бетте оқиға орнына бірден құрамында нейрохирург, травматолог, хирург және басқа да дәрігерлер бар 2 облыстық және 2 аудандық реанимобиль  барды.  Бұдан бөлек апат орнында төтенше жағдайлар департаменті мен Ішкі істер департаментінің  мамандары және техникалары жұмыс істеуде.
Облыс әкімінің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев және Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев оқиға орнына барып, тиісті орган басшыларының қатысуымен шұғыл штабтың отырысын өткізді. Қазір жол көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, себептері анықталу үстінде. 
Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 мамыр 2014 г. 1 462 0