« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жемқорлыққа жол бермеу мақсатында «Теміржол» партия филиалының «Транстелеком» БПҰ-ында әкімшілік басқару персоналдарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиынды «Транстелеком» филиалының басқарушы директоры,әрі БПҰ төрағасы Саян Аширбеков ашып, құзіретті орган мен партия өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстағы кездескен келеңсіз жайтармен және оларды болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізуін сұрады.
Жиынға қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Бағдат Изкенов, Қызылорда көлік прокурорының аға прокуроры Кенжебек Ердаулетов, «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда жемқорлықтың салдарымен күресу және оның деңгейін төмендету бағытында жасалған қадамдарымен бөлісті.
Жиын барасында пара алу қылмыс, пара беру -бас бостандығынан және болашағынан айыратыны жайлы өз ойларын айтып, бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғанда қатаң жазаға тартылған азаматтар туралы арнайы дайындалған видео роликті көрсетті.
Жемқорлықты алдын-алу және оны болдырмау мақсатында өткен жиын әрбір қызметкерді сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндеттеп, жемқорлыққа итермелейтін және адам атымен абыройына кір келтіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |