Қызылордада «Допинг» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында 24 қыркүйектен бастап «Допинг» жедел-профилактикалық  іс-шарасы жүргізілуде.

Шараға есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, Криминалды полиция басқармасының, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Іс-шара аясында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласында шаруашылық ететін субъектілер тексеріліп, дәріханаларда, қоймаларда, емдеу-профилактикалық мекемелерде, өндіріс орындарында  рейдтік шаралар ұйымдастырылады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қыркүйек 2018 г. 494 0