Шиеліде ҰБТ өткізу орны ауыстырылды

Шиеліде ҰБТ өткізу орны ауыстырылдыШиелі ауданында биыл Білім және ғылым министірінің бұйрығына сәйкес Ұлттық бірыңғай тест өткізу пункті №244 мектептен жаңадан салынған №270 орта мектепке көшірілді. 
«Ғимаратта ҰБТ жетекшісі мен мемлекеттік комиссияға арналған кабинеттер жабдықталып, 12 аудитория дайындалды. Оларға 23 ауа салқындатқыштар, 14 бейне жазу камералары, 12 дыбыс тұншықтырғыштар орнатылды"- деді аудандық білім бөлімінің басшысы Эльмира Тәкен. Бөлім басшысы бұл мәлімдемені БАҚ өкілдерімен өткізілген баспасөз мәслихатында мәлім етті. Одан өзге, Эльмира Қасымжанқызы ҰБТ-ке 29 "Алтын белгі", 12 "Үздік аттестат" үміткерлері ниет білдіріп жатқандығын жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 мамыр 2014 г. 1 265 0