КІТАП ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балаларды кітап оқуға тарту  және қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханаға саяхат өткізілді.
Шараға қаламыздағы Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің бірінші сынып оқушылары мен ата-аналар қатысты.Балаларға кітапхана жайлы тартымды да қызықты әңгімелер айтылды. Балалар  жергілікті ақын  Ә.Тәжібаев  музейін тамашалады.Келесі кезекте «Балдырған»  залында «Веселый час с Агнией Барто» шарасы ұйымдастырылып, балалар ақыны А.Бартоның шығармалары таныстырылды.«Знаю о книге все», «Угадай героя», «Из какой книги» викториналары өткізіліп, «Покажи героя»  ойыны ойналды. Балалар «Веселый час с Агнией Барто»  атты кітап көрмесіндегі  жаңа әдебиеттермен танысты. Шара соңынан «Балдырған» залында балаларға қызықты  мультфильм көрсетілді.Алдағы уақытта мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге кітапханаға саяхатқа келуін ұйымдастыру жалғасын табады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қыркүйек 2018 г. 687 0