« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Кеше еліміздің бес қаласында футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 27-тур ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірге дейін екі қалада кездесулер аяқталды. Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдады. Аталмыш ойында алғашқы голды қарағандылық футболшылар соқты. 30-минутта Эгон Бух «Қайсар» қақпасын дәл көздей білді. Бұдан кейін алаң иелері шабуылдарға шыққанымен одан ешбір нәтиже бола қойған жоқ.
Ойынның екінші кезеңінде «Шахтер» қақпасы маңында шабуылдар өрбіді. 56-минутта олардың қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Бұл мүмкіндікті «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген мүлт жіберген жоқ. Ал 80-минутта Братислав Пуношевац есепті еселеді. Есеп 2:0. «Қайсар» жеңіске жетті.
Ал «Қайрат» екінші ойын қатарынан жеңілді. Бұл жолы сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу» клубынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды 89-минутта Мантас Куклис пенальтиден соқты.
Дәл қазір «Атырау» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжар» командасын қабылдап жатыр. Ал сағат 19.00-де Шымкентте «Ордабасы» мен Петропавлдың «Қызылжар» командалары арасындағы ойын басталды, сағат 20.00-де «Ақтөбе» мен Қостанайдың «Тобылы» жасыл алаңға шығады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |