Үздік жасақ тәрбиешілері анықталды

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде «Үздік жасақ тәрбиешілер кеңесі» конкурсы өтті. Байқауға мекеменің арнайы контигент арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің бастығы Нұрбек Ерниязов, жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Б.Мектепов, ЗК-169/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет майоры Серік Сейдахметов қатысты.
Конкурс 4 сатыдан тұрды. Соңғы сатыда конкурсқа қатысушылар бекітілген нормативке сәйкес дене–күш дайындығынан сынақтар тапсырды. Конкурстың әділ өтуіне департаменттің сала басшыларынан құралған әділқазылар әділ бағаларын қойып, сайыстың өз деңгейінде өтуіне атсалысты. Әділет майоры С.Сейдахметов конкурстың 2 –ші кезеңі бойынша жасақ бастығының біркүндік жұмысы туралы өз видеоролигін ұсынды. Онда жазасын өтеушілерге таңертеңгі тексерістен бастап, кешкі ұйқыға жатқанға дейінгі күн тәртібіне сәйкес іс – шаралар қамтылған.
Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша қойылған сұрақтарға ЗК-169/4 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Б.Мектепов мүдірмей жауап берді. Соңғы кезеңде қатысушылар дене шынықтыру нормативтері бойынша сынақты жақсы деңгейде тапсырды. Дегенмен, сынақты жоғары деңгейде тапсырды деп, ЗК-169/4 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Б.Мектеповты айтып өтуіміз қажет. Қазылар алқасы конкурсқа қатысуышылардың кәсіптілігіне, сауаттылығына, сыртқы келбетіне, шешімдерді қабылдау және жауаптардың дұрыстығы мен тиянақтылығына, ұстамдылығына, ұйымшылдығына, шығармашылық, орындаушылық шеберлігіне көңіл бөлді.  Қазылар алқасының шешімімен ҚАЖ комитетінің «Үздік жасақ тәрбиешілер кеңесі» конкурсына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖдепартаменті атынан қатысуға жолдаманы ЗК-169/4 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Б.Мектепов жеңіп алды. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау үшін  ҚАЖ департаменті бастығына ұсынылды.

Дана Достанова
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қыркүйек 2018 г. 784 0