Қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыwww.gov4c.infoресми сайтында мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесін жетілдіру бойынша қазақстандықтардың ұсыныс-тілектерін қабылдауға мүмкіндік беретін«Краудсорсинг» жобасын іске қосты.
Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорацияға басқарма төрағасының блогы, әлеуметтік желілер және кері байланыстың басқа да арналары арқылы азаматтардан түрлі проблемаларды шешу, сондай-ақ сервистерді жетілдіру бойынша көптеген өтініш-ұсыныстар түсіп жатыр. Енді ықылас танытқан әрбір азаматтың мемлекеттік қызмет көрсету саласына қатысты ұсыныс-талабы арнайы жоба аясында қабылданатын болады.
Жобаны енгізушілер қазақстандықтардың фронт-офис жұмысын жақсартып, электрондық сервистерді жетілдіру бойынша инновациялық идеяларын күтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамытып, корпорацияның жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс-тілектердің барлығын осы «Краудсорсингте» қалдыруға болады.
Ұсыныс-тілектерді мемлекеттік корпорация қызметкерлерінен құрылған комиссия сараптамадан өткізіп,  таңдаулы ұсыныстар кең талқыланып, жүзеге асырылады.
Ұсыныс қалдыру үшін https://www.gov4c.info/ сілтемесі арқылы өтіп, арнайы форманы толтыру қажет. Сайтқолданушылары қалдырылған ұсыныстарды талқыға салып, пікірлер жазып, тіпті бағалай алады.


«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметі


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қыркүйек 2018 г. 600 0